«ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы» ММ және «Ақсу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ,  «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ЖҚБ мен бірлесіп жүзеге асырып жатқан әлеуметтік маңызы бар жобалар аясында Жетісу облысы, Ақсу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Аталған бастамалардың басты мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және адалдық, ашықтық пен әділдік қағидаттарын кеңінен насихаттау.

Осы бағыттағы маңызды шаралардың бірі ретінде «Адалдық. Парасаттылық. Сенімділік.» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға жастар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысып, қоғамдағы адалдық құндылықтарын нығайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылады.

Шараға спикер ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Бекбулганов Ринат Қайрошевич және аталған басқарманың бас маманы Уйсимбеков Ақан Абаевич қатысты. Олар қатысушыларға елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы ашықтық пен адалдық қағидаттары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды. Әсіресе жастар арасында адалдық құндылықтарын дәріптеу, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық бақылау мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шаралар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға және әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадамдарды жүзеге асыруға ықпал етеді. Адалдық, парасаттылық және сенімділік қағидаттарын берік ұстану – ел дамуының, қоғамдық тұрақтылықтың және жарқын болашақтың кепілі.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *