
Құрметті Текелі қаласының тұрғындары, ардақты жерлестер!
Жастар саясатын жаңа деңгейге көтеруге және әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге бар күш-жігерімді саламын. Құрғақ уәде емес, жастардың жігері мен нақты істерге негізделген нәтиже – менің басты ұстанымым.
Қаламыздың тұрақты дамуы мен жастардың әлеуетін арттыру жолында алдымызда мынадай нақты міндеттер тұр:
Экологиялық тазалық пен жасыл жобалар: Қаладағы экологиялық ахуалды жақсарту, таза өндіріс жобаларын қолдау және қоршаған ортаны қорғау шараларының тиімділігін арттыруға атсалысу.
Жастар бастамалары мен гранттар: Жас кәсіпкерлер мен белсенді азаматтарға мемлекеттік жеңілдіктер мен қолдаулардың ашық берілуін қадағалау (былтырғы жылы жастарға 14 грант берілсе, бұл көрсеткішті одан әрі ұлғайтуға ықпал ету).
Қала тазалығы мен абаттандыру: «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында қаланың орталық алаңын, арбат пен саябақтарды әрдайым таза ұстау, абаттандыру және жасыл аймақтарды көбейту жұмыстарына белсене қатысу.
Әлеуметтік теңдік және жас отбасылар: Әрбір жас маман мен отбасының әлеуметтік құқықтарын қорғау, баспана алу мен жұмысқа орналасу мәселелерінде қолдау көрсету.
Ашық есептілік және халықпен кері байланыс: Жастар саясаты мен экологиялық жобаларға бөлінген бюджет қаражатының тиімді игерілуі жөнінде тұрғындар алдында тұрақты түрде ашық есеп беріп отыру.
Текелі – экологиясы таза, жастары жігерлі әрі мүмкіндіктері мол заманауи қала!
Қадірменді жерлестер!
Әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруі – біздің ортақ мақсатымыз. Сіздердің білдірген сенімдеріңізді ақтап, қаламыздың өркендеуі үшін аянбай еңбек етемін!
Сайлауға келіп, жастардың бастамасы мен жарқын болашақ үшін өз таңдауларыңызды жасаңыздар!