Құрметті Текелі қаласының тұрғындары, ардақты жерлестер!

Туған жеріміздің әлеуметтік саласын, мәдениеті мен туристік әлеуетін дамытуға бар күш-жігерімді саламын. Ел бірлігін нығайтып, отбасыларға қолдау көрсететін нақты нәтиже – менің ұстанымым.

Бүгінгі таңда қалада туризм мен мәдениетті дамытуға қолайлы жағдайлар жасалуда. Осы бағытты одан әрі өркендетіп, алдымызда тұрған мынадай нақты міндеттерді жүзеге асырамыз:

Туризм және демалыс орындарын дамыту: Қаладағы 25 туристік нысан мен «Серкесай» экопаркінің 1-кезеңінің жұмысын жетілдіріп, 2-кезеңінің толық жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсету (жыл сайын өңірімізге келушілер саны 24 мыңнан асады).

Мәдениет пен инфрақұрылым: Рудничный ауылдық округінде тұрғындардың мәдени тынығуы үшін блок-модульдік мәдениет үйінің құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) сапалы орындалуын және мерзімінде аяқталуын қатаң депутаттық бақылауға алу.

Әлеуметтік қолдау және қызмет сапасы: Көпбалалы отбасыларға, қарттар мен әлеуметтік осал топтарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттырып, мұқтаж жандарға заң аясында көмек көрсету тетіктерін кеңейту.

Бірлік пен татулықты нығайту: Қаладағы қоғамдық келісімді, тұрғындар арасындағы өзара түсіністік мен татулықты сақтауға, жастарды ұлттық құндылықтар мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге атсалысу.

Ашық есептілік және халықпен кері байланыс: Атқарылған жұмыстар мен мәдени-туристік жобалардың жүзеге асу барысы жөнінде тұрғындар алдында тұрақты түрде ашық есеп беріп отыру.

Текелі – туризмі дамыған, мәдениеті өркендеген және әрбір отбасы қамқорлықта болған берекелі қала! Бірлесе еңбек етейік!

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруі – біздің ортақ мақсатымыз. Сіздердің білдірген сенімдеріңізді ақтап, туған қаламыздың өркендеуі үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын!

Сайлауға келіп, бірлік пен жарқын болашақ үшін дауыс беріңіздер!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *