Құрметті Текелі қаласының тұрғындары, ардақты жерлестер!

Қаламыздың экономикалық өсімін арттыруға, инвестициялық тартымдылығын күшейтуге және халықты тұрақты жұмыспен қамту көрсеткіштерін жақсартуға бар күш-жігерімді саламын. Құрғақ уәде емес, экономиканы дамытып, әрбір отбасының әл-ауқатын көтеретін нақты нәтиже – менің басты ұстанымым.

Қаламыздың әлеуетін еселеп, алдымызда тұрған мынадай нақты міндеттерді жүзеге асырамыз:

Инвестициялық жобалар мен капиталды тиімді игеру: Қалаға тартылатын инвестициялардың жылдық көлемін арттыруға, көрсеткіштердің сапалы игерілуіне жан-жақты ықпал ету.

Бизнесті қолдау және субсидиялау: Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын, атап айтқанда пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және жеңілдетілген несиелерге кепілдік беру бағдарламаларын кеңейтуге атсалысу.

Жаңа жұмыс орындарын ашу: Өндіріс орындары мен кәсіпкерлік нысандарын көбейту арқылы жергілікті тұрғындарды, әсіресе жұмыссыз азаматтар мен жастарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.

Әлеуметтік серіктестік пен экономикалық тұрақтылық: Ірі кәсіпорындар мен жергілікті тұрғындар арасында тиімді әлеуметтік келісімшарттар орнатып, қала экономикасын әртараптандыруға үлес қосу.

Ашық есептілік және халықпен кері байланыс: Тартылған инвестициялар мен экономикалық жобалардың жүзеге асу барысы жөнінде тұрғындар алдында тұрақты түрде ашық есеп беріп отыру.

Экономикасы қарыштап дамыған, инвестиция тартымды және әрбір тұрғыны жұмыспен қамтылған гүлденген қаланы бірге құрайық!

Ардақты ағайын!

Әр тұрғынның жайлы өмірі – біздің ортақ мақсатымыз. Сіздердің білдірген сенімдеріңізді ақтап, қаламыздың өркендеуі үшін аянбай еңбек етемін!

Тұрақты экономика мен жарқын болашақ үшін өз таңдауларыңызды жасаңыздар!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *