Талдықорған қаласында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «GOV Battle» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын дәріптеу, сондай-ақ олардың кәсіби құзыреттерін, логикалық ойлау қабілетін және командалық жұмыс дағдыларын дамыту болды.

Интеллектуалды сайыс барысында қатысушылар мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер бойынша білімдерін шыңдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары, қолданыстағы заңнама талаптары мен «Заң мен тәртіп» қағидаттары жөніндегі білім деңгейлерін сынға салды. Түрлі зияткерлік тапсырмалар мен командалық кезеңдерде олар жоғары дайындықтарын, аналитикалық ойлау қабілеттерін, жедел шешім қабылдау дағдыларын және көшбасшылық қасиеттерін айқын көрсетті.

Іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жауапкершілігін күшейтіп, заң үстемдігі қағидаттарын насихаттауға ықпал етті.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Белсенділік танытқан қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, ерекше шеберлік пен білім көрсеткен қатысушыға «Үздік ойыншы» номинациясы берілді.

«GOV Battle» интеллектуалды ойыны мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға, кәсіби ынтымақтастықты дамытуға, мемлекеттік қызметшілердің зияткерлік әлеуетін арттыруға және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын кеңінен ілгерілетуге бағытталған тиімді әрі маңызды алаң ретінде өз маңызын көрсетті.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *