Құрметті Текелі қаласының тұрғындары, ардақты жерлестер!

Қаламыздың коммуналдық және жол шаруашылығын түбегейлі жақсарту, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру ісін жүзеге асыруды басты міндетім деп білемін. Әрбір шаңыраққа жылу мен жайлылық әкелетін нақты нәтиже – менің басты ұстанымым.

Бүгінгі таңда қаладағы жылу желілерінің тозуын төмендету және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту – басты назардағы мәселе. Осы бағытта алдымызда мынадай нақты міндеттер тұр:

Жылу желілерін түбегейлі жаңғырту: «Алатау» шағынауданының 17 шақырым кварталішілік жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстарының сапалы аяқталуын бақылау және «Металлург» шағынауданындағы 19 шақырым жылу желілерін жөндеу жобасының уақытылы іске асуын қатаң депутаттық бақылауға алу.

Жол жөндеу және көшелерді қалпына келтіру: Қала жолдарын күрделі және орташа жөндеу, сондай-ақ инженерлік желілерді тартып болғаннан кейін қазылған көшелер мен аулалардың асфальт жабындысын сапалы қалпына келтіру жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізу.

Тұрғын үй қоры мен шатырларды жөндеу: Көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын күрделі жөндеудан өткізу жұмыстарының сапасын және бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалау.

Коммуналдық сала тұрақтылығы: Тұрғындарды үздіксіз жылумен, сумен және сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, туындаған ақауларды жедел жою тетіктерін жетілдіру.

Ашық есептілік және халықпен кері байланыс: Атқарылған жұмыстар мен бюджет қаржысының игерілуі жөнінде тұрғындар алдында тұрақты түрде ашық есеп беріп отыру.

Құрметті қала тұрғындары!

Бәріміздің мақсатымыз бір – туған Текеліміздің көркеюі, балаларымыздың сапалы білім алып, жарқын болашақта өмір сүруі. Бұл игі іске тек бірлескен күшпен ғана жете аламыз!

Өз дауысыңызды беріп, өңіріміздің ертеңгі тағдырын шешуге қатысыңыз.

Болашаққа бей-жай қарамаңыз! Сенімді өкілге дауыс беріңіз!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *