Жетісу облысында «Заң мен тәртіп» идеологемасын қоғамда кеңінен насихаттау және оның негізгі қағидаттарын түсіндіру мақсатында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық үстемдігін нығайту, сондай-ақ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің бірыңғай әрі тиімді тәсілдері жан-жақты талқыланды. Семинарға жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің, прокуратура органдарының өкілдері мен әкімдік қызметкерлері қатысып, өзара тәжірибе алмасып, аталған бағыттағы өзекті мәселелерді саралады.

Кездесу қорытындысында қоғамда заңға құрмет пен құқықтық сананы арттыруға бағытталған жұмыстарды күшейту, «Заң мен тәртіп» қағидаттарын кеңінен дәріптеу және өңірлік деңгейде атқарылатын іс-шаралардың тиімділігін арттыру жөніндегі бірқатар нақты міндеттер айқындалды.

Семинар құқықтық тәртіпті нығайтуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және әділетті қоғам құру жолындағы бірлескен жұмысты жетілдіруге бағытталған маңызды алаңға айналды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *