Безгек – қызбамен, көк бауыр мен бауырдың ұлғаюымен, қан аздықпен сипатталатын, өлімге алып келетін қауіпті ауру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша 2024 жылы әлемде безгектің 282 миллионға жуық жағдайы тіркеліп, 610 мың адам қайтыс болған. Олардың 95%-дан астамы ең ауыр тропикалық түрі, Африка елінің аймақтарында кең таралған. Безгек жағдайларының шамамен 76% 5 жасқа дейінгі балаларға келеді. Безгектен өлім жағдайларының жартысы Африка елінің төрт аймағында болған: Нигерияда (31,3%), Конго Демократиялық Республикасы (12,6%), Танзания Біріккен Республикасы (4,1%) және Мозамбикте (3,9%).
Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка немесе Латын Америкасы елдеріне демалу немесе іс-сапар кезінде қауіпті ауруды – безгекті жұқтырудың нақты қаупі бар.
Безгектің біздің ел ішінде таралу мүмкіндігі қандай? Безгектің тасымалдаушысы-масалар, ағысы баяу тоғандарда, су қоймаларында, батпақтарда, өзеннің ескі арналарында өсіп, көбейеді. Азия, Африка, Латын Америка елдеріне туристік сапарға белсенді шығу, инфекцияның пайда болу қауіпін жоғарылатады, сонымен қатар біздің еліміздегі климаттық жағдай анофелес масаларының өсіп-өнуіне ешқандай кедергі келтірмейді.
Аурудың клиникалық белгілері. Жұқпаны жұқтырған сәттен бастап, жұқпаның бірінші клиникалық көріністерінің пайда болу аралығы 8 күннен 10 айға дейін болуы мүмкін. Бұл адамның иммунитетіне, қоздырғыштың түріне байланысты. Безгектің әдеттегі белгілері: қызба, қалтырау, артралгия (буынның ауруы), құсу, қан аздық. Сонымен қатар бауыр және көк бауырдың ұлғаюы, бастың қатты ауыруы. Әсіресе балалар мен жүкті әйелдер үшін бұл жұқпа өте қауіпті. Диагноз қан жұғындыларында паразиттерді анықтау арқылы қойылады.
Аурудың алдын алу: Жеке бас профилактикасында бірінші кезекте маса шағудан қорғану қажет. Москитке қарсы торлар қолдану, бөлмелерде инсектицидтерді шашу, дененің ашық жерлеріне репелленттер жағу.
Безгектің алдын алуда безгекке қарсы дәрілік заттар қолданылады. Сапарға шығатын адамдар арасында химиотерапияны қолданып, безгектің алдын алуға болады, ол өз кезегінде қандағы безгек плазмодиясының дамуын тежеп, аурудың туындауын болдырмайды.
Безгек жұқпасы бойынша қолайсыз елден оралғаннан кейін 3 жыл ішінде кез келген дене қызуы көтерілген жағдайда, безгекке тексерілу үшін тез арада медициналық ұйымға қаралып, дәрігерге хабарлауды ұмытпаған жөн.
Индира Кунбасова,
Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары.