Пневмококк инфекциясы – «streptococcus pneumoniae» бактериясы тудыратын. негізінен, балаларға әсер ететін жұқпалы аурулар тобы. Бала неғұрлым жас болса, ауру соғұрлым қауіпті болады. Пневмококк синусит, отит, бронхит, пневмония, эндокардит, артрит, сепсис және басқа да қауіпті ауруларды тудыруы мүмкін.

Инфекция көзі – науқас адам немесе бактерия тасымалдаушы.  Адамдардың 10-25% – бактерияның тасымалдаушысы.

Инфекцияның негізгі берілу жолы – ауа-тамшылы. Инфекция түшкіру, жөтелу, сөйлесу кезінде жұғады.

Пневмониялардың шамамен 30%-н «streptococcus pneumoniae» тудырады.

Ауру жиі 5 жасқа дейінгі балалар, 60 жастан асқан ересектер арасында кездеседі.

Инкубациялық (инфекция жұққаннан бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі) кезең — 1-3 күн.

Жалпы клиникалық көріністерінде келесі белгілерді ажыратуға болады:

  • тұрақсыз температура;
  • денедегі бөртпе;
  • неврологиялық бұзылулар;
  • бас ауруы;
  • тыныс алудың қиындауы;
  • қалтырау, қызба;
  • ентігу;
  • жарықтан қорқу.

Пневмококкты инфекциядан кейін қысқа мерзімді иммунитет пайда болады, сондықтан кейін науқас қайталап аура береді.

Аурудың барлық түрлері (пневмония, синусит, отит, бронхит,  эндокардит, артрит, сепсис), әсіресе балаларда, ауруханаға жатқызуды қажет етеді, бұл шара өлімге әкелетін асқынулардың дамуын болдырмау үшін қажет.

Пневмококк инфекциясының алдын алу:

Арнайы: Вакцинация – ең тиімді алдын алу шарасы. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес пневмококк инфекциясына қарсы 2, 4, 12-15 айлық балалар егіледі.

Арнайы емес:

  • науқастарды оқшаулау;
  • иммунитетті нығайту;
  • дәрумендер қабылдау;
  • ЖРА уақтылы емдеу;
  • спортпен шұғылдану;
  • шынығу.

Елімізде егу кезең-кезеңімен 2010 жылдан бастап жүргізіле басталды, 2015 жылы біздің облысымызда енгізілді. Ирландия, Пфайзер комп. «Превенар13». Нұсқаулығына сәйкес вакцина «streptococcus pneumoniae»-мен шақырылатын ауруларға қарсы 6 апталық баладан кез келген жастағы ересектерге жасалады. Вакцинация балаларға кесте бойынша, ересектерге тек 1 рет жасалады.

Индира Кунбасова,

Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *