Жетісу облысының тұрғындары 2025 жылға есептелген мүлік салығын 2026 жылғы 1 қазанға дейін төлеуі қажет. Салық сомасын алдын ала «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.
Бүгінде облыста 180 мыңнан астам жылжымайтын мүлік нысаны тіркелген. Салық төлеушілер саны – 176 155 адам. Жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтары 2021 жылдан бастап бір бюджеттік сыныптама коды бойынша төленеді.
Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарға төленуге тиіс салық сомасы туралы PUSH-хабарламаларды, соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің мобильді сервистері арқылы жолдайды.
Сонымен қатар, өткен жыл бойынша облыста 4 355 азаматтың жалпы сомасы 9,5 млн теңге салық берешегі қалыптасқан. Оның негізгі бөлігі Талдықорған қаласының тұрғындарына тиесілі.
Салықты «E-Salyq Azamat» қосымшасымен қатар, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, бөлімшелері, төлем терминалдары мен банкоматтары арқылы төлеуге болады. Қосымша ақпаратты 1414 бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады.
Мемлекеттік кірістер органдары азаматтарды салық міндеттемелерін белгіленген мерзімде орындауға шақырады. Берешек уақытында өтелмеген жағдайда, заңнамаға сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылуы мүмкін.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *