Денге қызбасы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінде (Таиланд, Индонезия, Қытай, Малайзия, Жапония, Вьетнам, Мьянма, Сингапур, Филиппин), Индия, Африка елдерінде (Мозамбик, Судан, Египет), Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Американың тропикалық, субтропикалық белдеуіндегі мемлекеттерде (Мексика, Гондурас, Коста-Рика, Пуэрто-Рико, Панама, Бразилия және т.б.,) кеңінен таралуда.
Бүгінгі күнге Непал Федеративтік Демократиялық Республикасында Денге қызбасы бойынша эпидемиологиялық жағдайы күрделі.
2026 жылғы бірінші тоқсанына Непалда Денге қызбасымен аурудың көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе өсті (450-ден астам жағдай). Вирустың таралу географиясының кеңеюі және қысқы кезеңде тасымалдаушылардың (Aedes aegypti», «Aedes albopictus» тұқымдас масалар) белсенділігі сақталуы алаңдаушылық тудырады. Жаңбыр маусымының басталуына байланысты эпидемиологиялық процестің нашарлауы күтілуде.
Денге немесе тропиктік қызба – суқоймаларда көбейетін масалармен таралатын жіті вирустық жұқпа.
Жұқпа көзі – науқас адам, маймылдар және жарқанаттар болуы мүмкін.
Жұқпаның берілуі Aedes aegypti масаларының шағуымен жүзеге асырылады. Вирус масаның ағзасында 22°С – дан жоғары температурада көбеюге қабілетті.
Инкубациялық кезең маса шаққаннан кейін 4 күннен 10 күнге дейін созылуы мүмкін. Аурудың белгілері: дене қызуының көтерілуі (39-40°), бастың қатты ауруы, буындар мен бұлшық еттердегі ауырсыну белгілері, жүрек айну, құсу, бездердің ісінуі және бөртпенің пайда болуы.
Денге қызбасынан эндемиялық аймаққа барып келгеннен кейін өзіңізде жоғарыда аталған белгілерді байқасаңыз дереу жергілікті медициналық қызметке жүгініңіз!
Аурудан қалай сақтануға болады?
Бүгінгі күні Денге қызбасынан сақтанудың жалғыз және ең тиімді әдісі вирусты тасымалдаушы масалармен күрес болып табылады. Ыстық экзотикалық елдердеге барған кезде дененің ашық жерлерін маса шағуынан барынша қорғау керек. Ол үшін кешкі уақытта ұзын жеңді киімдер, шалбарлар, ұзын көйлектер киюге кеңес беріледі. Сондай-ақ, дененің ашық аймақтарына, киімдерге және масаға қарсы торларға кремдер, ласьондар, спиртті ерітінділер және тағы басқа өнімдер түрінде шығарылатын репелленттерді (жәндіктерді үркітетін заттар) жаққан жөн. Бөлмеге масалардың кіруін болдырмау үшін есік-терезелерге масаларға қарсы торлар құрып, тор болмаған жағдайда терезелерді жабу керек және тұрғын-жайларда әртүрлі инсектицидтерді қолданып масалармен күрескен абзал.
Асхат Чарапиев,
Жетісу облысы СЭБД басшысы.