В вирустық гепатиті — бауырдың инфекциялық ауруы, ол негізінен қан арқылыберіледі. Ол бауыр жасушаларын зақымдаумен жіті немесе созылмалы түрде еш1симптомсыз өтуімен қауіпті.
В вирустық гепатитінің көзі мен резервуары ауру адамдар, сондай-ақ сау вирустасымалдаушылар болып табылады. В гепатитін жұқтырған адамдардың қаныалғашқы клиникалық көріністерге қарағанда әлдеқайда ерте жұқпалы болады.
Инфекция көбінесе парентеральді жолмен (қан арқылы) беріледі: негізгіэпидемиологиялық қауіпті қан құю кезінде, стерильді емес құралдарды қолданатынмедициналық процедураларда, стоматологиялық емдеу шараларында, сондай-ақтеріні зақымдайтын косметологиялық процедураларда (татуаж, татуировка, пирсинг, пилинг, маникюр) туғызады.
 
В вирустық гепатитінің дамуында бірнеше кезеңдер бөлінеді:

  • инкубациялық кезең бірнеше айға созылады (30-дан 180 күнге дейін, орташа75–80 күн), және осы кезеңде адам айналасындағы адамдарға жұқпалы болыпесептеледі;
  • сарғаю алды (әлсіздік, қызба, буындардың ауыруы, жүрек айну, құсу, сирекжағдайларда аллергиялық бөртпелер);
  • сарғаю (терінің немесе көз ақуыздарының сарғаюы, айқын әлсіздік, тәбеттіңтөмендеуі, бас айналуы және бас ауыруы, терінің қышынуының күшеюі).
    В вирустық гепатитінің асқынуы: В вирустық гепатитінің ең қауіптіасқынуы жіті бауыр жеткіліксіздігі.

 
В гепатитінің алдын алу — бұл вакцинация. Вакцинация ҚР профилактикалықегулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі, бірінші доза — туғаннан кейін 24 сағат ішінде (перзентханада), екінші доза — 2 айда, үшінші доза — 4 айда. Вакцинация профилактиканың ең тиімді шарасы болып саналады және егілген адамдардың 90-95% -дан астамын қорғауды қамтамасыз етеді.
Мақсатты топқа мыналар кіреді: жаңа туған нәрестелер, бұрын вакцина алмаған балалар, медициналық қызметкерлер, гемодиализ қабылдап жүргеннауқастар, инъекциялық есірткі қолданатындар, жыныстық жолмен жұқтыру қаупіжоғары адамдар.

Индира Кунбасова,

Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *