Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай мәдени-танымдық және спорттық бағдарламалар өтуде. Шаралардың мақсаты – құқықтық мәдениетті нығайту, жас ұрпаққа Конституцияның маңызын түсіндіру, ел бірлігін арттыру.
21 тамызда Орталық балалар кітапханасында «Конституция – болашаққа алтын кілт» атты сторителлинг өтті.
26 тамызда №8 кітапханада ақпараттық сағат, №27 гимназияда мини-футболдан турнир ұйымдастырылады.
27 тамызда қала мен ауыл кітапханаларында ақпараттық кездесулер, Өтенай ауылында сторителлинг, ал Жетісу университетінде облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетовтың қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтеді.
28 тамызда №2 кітапханада ақпараттық дайджест ұсынылып, «Еркін Аренада» спорттық жарыстар өтеді. Сондай-ақ жаңа жеке куәліктер табысталып, «Атамекен» палатасында заңгерлік кеңес беріледі.
29 тамызда «Жетісу жастары» КММ-де «Конституциялық IQ» ойыны мен «Ашық микрофон» акциясы ұйымдастырылады.
30 тамызда мерекелік бағдарлама велошеру және «Жастар» саябағындағы концертпен қорытындыланады.
