Балқаш жағалауында 52 жаңа демалыс орны ашылуы мүмкін. Сарқан ауданында туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларға жеке инвесторлар тартылуда.
Аукцион арқылы жалпы аумағы 11,59 гектар болатын 52 жер учаскесі 4 жыл мерзімге берілді. Инвесторлар жер телімдерін сатып алуға 290 млн теңге жұмсаған.
Сонымен қатар, жағалауда тағы 13 инвестициялық жоба айқындалып, оларға 21,6 гектар жер бөлінді. Жобалар жүзеге асса, Балқаш жағалауындағы демалыс орындары көбейіп, жаңа жұмыс орындары ашылады.