Талдықорған қаласында «JetFlow» жастар онкүндігінің қорытынды кеші өтті. Жастардың жігерін жанған, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан «JetFlow» жастар онкүндігінің қорытынды кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жастардың рухын көтеретін мазмұнды әрі әсерлі шара ретінде есте қалды. Он күн бойы өткізілген түрлі іс-шаралар, форумдар, кездесулер, спорттық бәсекелер мен шығармашылық жобалар — осы кеште өзінің жарқын қорытындысын тапты.
Кештің басты ерекшеліктері: 8 аудан мен 2 қаланың үздік жастары салтанатты түрде марапатталып, олардың жетістіктері көпшілікке үлгі ретінде ұсынылды. «JetFlow жастар кеші» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, әр аудан мен қаланың Жастар ресурстық орталықтарынан ұсынылған өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін ортаға салды. Кеш барысында жастарға шабыт сыйлаған әсерлі қойылымдар, патриоттық әндер, би және музыка бағдарламалары ұсынылды.
Бұл кеш — жастардың басын қосатын, тәжірибе мен жетістіктерімен бөлісетін, жаңа достыққа жол ашатын ерекше мәдени-рухани алаңға айналды.
Марапаттау сәтінде ел болашағына қызмет етіп жүрген жас көшбасшылардың еңбегі лайықты бағаланып, олардың табыстары жастарға мотивация көзі болды. Бұл — Жетісу жастарының бірлігі мен белсенділігінің жарқын көрінісі. Бұл — болашаққа сеніммен қадам басқан жаңа буынның серпінді сәті.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *