Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, әлем бойынша 30-дан 79 жасқа дейінгі 1,28 миллиардтан астам адам гипертониямен ауырады, сонымен қатар пациенттердің шамамен 46%-ы өз диагноздары туралы білмейді.
Қазақстанда ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, қанайналым жүйесі аурулары құрылымында артериялық гипертензия диагнозы бар пациенттердің үлесі 47,7%-ды құрайды. Сырқаттанушылықтың артуы негізінен халықты скринингпен қамтудың ұлғаюымен байланысты.
Аурудың бастапқы кезеңінде ешқандай белгілер болмайды, алайда медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында жүргізілетін қан қысымын өлшеу, ЭКГ түсіру және зертханалық талдаулардың арқасында пациенттер дер кезінде ем қабылдай бастайды және қажет болған жағдайда диспансерлік есепке алынады.
2024 жылы скринингтен 1,9 миллионға жуық адам өтті, нәтижесінде 104 мыңнан астам жаңа гипертония жағдайы анықталып, олар тұрақты бақылауға алынды.
Еуропалық гипертония қоғамының ұсынымдарына сәйкес:
• Артериялық қысымның нысаналы деңгейі – 140/90 мм сын. бағ. төмен болуы тиіс;
• Емдеу өмір салтын өзгертуді (тұз тұтынуды азайту, темекі мен алкоголден бас тарту, физикалық белсенділік) және қажет болған жағдайда дәрі-дәрмекпен емдеуді қамтиды.
Денсаулық сақтау министрлігі халықты артериялық қысымын бақылауға, профилактикалық қарап-тексерулерінен тұрақты түрде өтуге және емдеуші дәрігердің ұсынымдарын орындауға шақырады.
17 мамыр 2025
COVID-19 БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ
16 мамыр 2025
АСТАНАДА ӨТКЕН ІІ ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ФОРУМ: ЖОҒАРЫ ДӘЛДІКТЕГІ ДИАГНОСТИКАДАН АЗ ИНВАЗИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРҒА ДЕЙІН
16 мамыр 2025
ЖАТЫР МОЙНЫНЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ: ҚАЗАҚСТАНДА АДАМ ПАПИЛЛОМАСЫ ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖАЛҒАСУДА
15 мамыр 2025
АЛМАТЫДА АКУШЕРЛІК, ГИНЕКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕРИНАТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАРТЫ ҒАСЫРЛЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ
15 мамыр 2025
ЖЫНЫСТЫҚ ЖОЛМЕН БЕРІЛЕТІН ИНФЕКЦИЯЛАР: ӘРБІР АДАМ ҮШІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Барлық жаңалық