2026 жылдың 29 қарашасы күні Жетісу облысының мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтеді.
Облыс тұрғындары дауыс беретін сайлау учаскесін қазірден бастап біле алады. Осы мақсатта ресми сайт, «Телеграм» чат-бот, арнайы сервис және мен iKomek бірыңғай байланыс орталығының қызметі қолжетімді.
Сайлау күні қиындық туындамас үшін тұрғындар сайлаушылар тізімінде өз мәліметтерінің бар-жоғын алдын ала тексеріп, дауыс беретін учаскесінің мекенжайын нақтылай алады.
Өз сайлау учаскеңізді мынадай тәсілдер арқылы білуге болады:
— https://sailau.e-zhetisu.kz/ — ресми сайты арқылы;
— «Telegram» желісіндегі https://t.me/sailau_zhetysu_bot чат-боты арқылы;
— арнайы сервис — https://sailau.gov.kz/ арқылы.
— «109» нөміріне хабарласып, iKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы.
Сайлау күні учаскеңізге жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды алып баруыңыз қажет.
Жетісу облысының аумақтық сайлау комиссиясы