Қазақстандық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Отандасымыз жарыстың жұптық сынында Иран спортшысы Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетті. Қазақстандық-ирандық дуэт жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілдерімен кездесіп, 0:3 есебімен жеңіліс тапты.

Осылайша, Алан Құрманғалиев пен Беньямин Фараджи әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Алан Құрманғалиев 2022 жылы да жастар арасындағы әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен болатын. Сол кезде ол аралас жұптық сында чемпион атанып, жекелей сында қола медаль жеңіп алған.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *