Адам денсаулығына қоршаған ортаның әсері зор. Күнделікті пайдаланатын ауыз судың сапасы, тыныс алатын ауаның тазалығы және топырақтың жағдайы – барлығы да халықтың өмір сүру сапасына тікелей байланысты.
Осыған байланысты қоршаған орта нысандарының жағдайын тұрақты бақылау және уақытылы зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Мұндай бақылау барысында ауыз су көздері, су айдындары, атмосфералық ауа мен топырақтан сынамалар алынып, олардың қауіпсіздігі зертханалық тексерулер арқылы бағаланады.
«Бұл жұмыстардың басты мақсаты – халық денсаулығына кері әсер етуі мүмкін факторларды ерте анықтап, олардың алдын алу. Жыл бойы жүргізілетін санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг қоршаған ортаның жай-күйін бақылауда ұстап, санитариялық жағдайға қатысты қажетті шараларды дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді.Осы ретте, Департаменттің аумақтық басқармалары тұрақты негізде су объектілерінің, атмосфералық ауаның, топырақтың, сондай-ақ елді мекендерді ауыз судың жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді. Биылғы жылдың 9 айында Мониторинг аясында қоршаған орта объектілеріне барлығы 22314 өлшем жүргізіліп, 3980 сынамалар алынып зерттелді», — дейді Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.
Зерттеу нәтижелері төмендегідей:
1. Ауыз су жүйесінің қайнар көзі ретінде саналатын 1-санаттағы су айдындарынан:
- микробиологиялық және химиялық көрсеткіштерге 72 сынамадан;
- паразитологиялық көрсеткішке 30 сынама;
- радиологиялық көрсеткішке 5 сынама;
- ауыр метал тұздарына және пестицидтерге 9 сынамадан зерттелді.
2. Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйелері бойынша:
- микробиологиялық көрсеткіштерге – 1104 сынама;
- химиялық көрсеткіштерге – 1098 сынама;
- ауыр металдар тұздарына – 121 сынама зерттелді.
3. Орталықтандырылмаған ауыз су көздері бойынша:
- микробиологиялық және химиялық көрсеткіштерге 126 сынамадан;
- ауыр металдар тұздарына – 16 сынама, пестицидтерге-24 сынама, радиологиялық көрсеткіштерге 19-сынама зерттелді.
4. Атмосфералық ауаның жай-күйі:
- мониторинг белгіленген бақылау нүктелерінде жүргізілді. Жалпы алғанда, атмосфералық ауаға 22314 өлшем жасалды.
5. Жерүсті су айдындары мен жағажайлардағы топырақтың жай күйі:
- жаппай демалу үшін пайдаланылатын 2-санаттағы су объектілері мен жағажайлардағы топырақтың жай-күйіне мониторинг жылдың жылы мезгілі, яғни мамыр–тамыз айлары аралығында жүргізілді. Жалпы 2-санаттағы су объектілерінен микробиологиялық және химиялық көрсеткіштерге-441 сынамадан, паразитологиялық көрсеткшіке-121сынама зерттелді;
- топырақ сынамалары микробиологиялық және химиялық көрсеткіштерге-25 сынамадан, ауыр метал тұздарына-9 және паразитологиялық көрсеткішке – 69 сынама зерттелді.
Қорытындылай келе, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бағытындағы аталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасады. Қоршаған ортаның негізгі құрамдас бөліктері – атмосфералық ауа, су және топырақ сапасына тұрақты мониторинг жүргізу, олардың жай-күйі тұрақты бақылауда ұсталады.
Таза су, таза ауа және қауіпсіз қоршаған орта – баршаға ортақ құндылық. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау және табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарау әр азаматтың ортақ міндеті болып қала береді.