Қызылша адамдарға ең танымал жұқпалы және өлімге әкелетін инфекциялық аурулардың бірі болып қала береді. Әсіресе қызылшаға қарсы вакцинацияланбағандар үшін. Сәбилер, балалар, жүкті әйелдер және созылмалы  аурулары бар адамдар үшін қызылша бүгінде өте қауіпті.

Қызылша қоздырғышы – парамиксовирустар тұқымдасының вирусы, құрамында РНҚ бар. Ол тұрақсыз, күн сәулесінің әсерінен, кептіру, қайнату, дезинфекциялау кезінде өледі. Суықта ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Ауру жоғары вирулентті, науқаспен қарым-қатынаста болған 10 адамның 9-ы ауру жұқтырады.

Қызылша кез-келген адамға қауіпті болуы мүмкін, бірақ бұл балалар үшін, әсіресе бес жасқа дейінгі вакцинацияланбаған балалар үшін өте қауіпті. Себебі балалардың иммундық жүйесі мен олардың ішкі ағзаларының әлі де толық қалыптаспауымен байланысты. Бұл балаларды инфекцияларға да, аурулардың асқынуларына да осал етеді.

Инфекцияның негізгі берілу жолы – ауа тамшылары арқылы. Инфекцияны инкубациялық кезеңнің соңынан бастап бөртпелердің 4-ші күні науқас адамнан ғана жұқтыруға болады. Басқаларды жұқтыру қабілеті орта есеппен 1-1, 5 аптаға созылады. Бесінші күннен бастап адам жұқпалы емес.

Қызылшаның жиі кездесетін белгілері – жөтел, мұрыннан су ағу және дене қызуының көтерілуі, содан кейін әдетте бөртпе пайда болады. Кейде елеусіз болып көрінетін бұл белгілер мен қызылшадан туындаған басқа асқынулар өте ауыр болуы мүмкін.

Бір жасқа дейінгі нәрестелер ең үлкен қауіп тобына жатады. Қызылшамен сырқаттанған кезде көбінесе келесі асқынулар дамуы мүмкін: пневмония, диарея және энцефалит және өлім жағдайы да орын алуы мүмкін. Сондай-ақ, қызылша жүкті әйелге де, ұрыққа да үлкен қауіп төндіреді. Жүкті әйелдерде қызылшаның ең көп таралған асқынуы — пневмония, ол әрбір 100 жүкті әйелдің 18 – дамиды. Жүкті әйелдердің жүзден төртеуі ауруды жұқтырғаннан кейін қайтыс болады. Қызылша дамып келе жатқан ұрыққа да қауіп төндіруі мүмкін. Қызылшаны жұқтырған 100 жүкті әйелдің шамамен 13-і жүктілікті мерзімінен бұрын босанумен аяқтайды деп есептеледі.

Егер сіздің балаңызда дене қызуының жоғарылауы және бөртпе сияқты белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралу өте маңызды. Ауруды сәтті басқару және асқынулардың алдын алу үшін жедел диагностика мен емдеу қажет. Емдеуді ерте бастау науқасты ғана емес, жалпы қоғамды да қорғауға көмектеседі, инфекцияның таралу қаупін азайтады.

Иммундық жүйесі әлсіреген балалар ең үлкен қауіпке ұшырайды. Бірақ асқынулар кез келген адамда болуы мүмкін және кімнің қатты зардап шегетінін  болжау мүмкін емес.

Қызылша жұқтырған балаларда пайда болуы мүмкін өте сирек кездесетін, бірақ өлімге әкелетін асқынулардың бірі-энцефалиттің ерекше түрі: 100 000-нан бір жағдайда дамитын паненцефалит. Бұл вирустық инфекция оның неврологиялық белгілері пайда бола бастағанға дейін алты жылдан сегіз жылға дейін баланың ағзасында жасырын, тыныштықта болады. Мұндай белгілерге қозғалыс (мысалы, жүру қабілеті), есту, көру қабілеттерінің жоғалуы және мидың зақымдануы жатады. Бірнеше жыл ішінде ауру әдетте комаға және өлімге әкеледі. Бұл асқынуды емдеу мүмкін болмағандықтан, паненцефалиттің алдын алудың жалғыз жолы — қызылша инфекциясын жұқтырмау қажет.

2023 жылдың қараша айынан бастап облыста қызылша ауруының күрт өсуі байқалады. Ұжымдық иммунитетінің төмендеуіне байланысты қызылша жағдайларын тіркеу жалғасуда. Вакцинацияланбаған халық саны көбейген кезде вирус кедергісіз тарала бастайды, бұл инфекциялардың бақылаусыз таралуына алып келеді. Облыста 2026 жылдың 7 айында қызылшаның 147 жағдайы тіркелген. Жас құрылымы мен иммундық мәртебесі бойынша сырқаттанушылықтың 66,7% (98) 5 жасқа дейінгі балаларға және қызылшамен ауырғандардың 85% (125) егілмеген балалар мен егу мәртебесі белгісіз адамдарға тиесілі.

Алдын алу. Инфекциямен күресудің ең күшті, қол жетімді және тиімді әдісі-вакцинация. Бұл қауіпсіз және аурудың өзінен де, оның таралуынан да қорғай отырып, ағзада тұрақты иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау 12-15 ай және қайта — 6 жаста жүргізіледі.

Аурудың таралуын болдырмау үшін халық арасында вакцинациямен қамтудың жоғары деңгейі қажет. Вакцинацияланбаған тұрғындардың пайызының төмендеуі аурудың өршуіне әкелуі мүмкін. Бұл бүгінгі күні қызылша ауруының негізгі себебі.

Облыста жас құрылымына байланысты қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайға сәйкес 6 айлық (6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі) жастағы балаларға қызылшаға қарсы вакцинация жүргізілуде. Бұл ең осал жас топтарын қорғауға және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 4474 бала қызылшаға қарсы қосымша вакцинациямен қамтылған.

Асхат Чарапиев,

Жетісу облысы СЭБД басшысы

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *