Жүрек-қан тамырлары ауруларын ерте анықтауға бағытталған скрининг жұмыстары жалғасуда. 2026 жылдың алғашқы 6 айында облыста 71 мыңнан астам адам скринингтен өтуі тиіс болса, олардың 41 мыңнан астамы тексеруден өткен. Нәтижесінде 2,8 мыңға жуық адамнан қан айналымы жүйесінің аурулары анықталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40 пайыздан астам өсім.
Атап айтқанда, жүректің ишемиялық ауруы биыл 360-тан астам адамнан анықталған. Жедел коронарлық синдромы бар науқастарға көрсетілетін мамандандырылған көмек көлемі артып келеді. 2026 жылдың алғашқы 6 айында перкутанды коронарлық араласу орталығында 1,5 мыңға жуық коронарография жасалды.
Кардиологиялық қызметтің дамуымен қатар жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші де төмендеген. 2009 жылы 447,1 болған көрсеткіш 2026 жылдың алғашқы 7 айында 141,6-ға дейін түскен.
Өңірде жоғары технологиялық медициналық көмектің де түрлері көбейіп келеді. Қазіргі таңда кардиоорталықта оның 20-ға жуық түрі көрсетіледі. TAVI және MitraClip секілді күрделі әдістер енгізілген. Ал биыл алғаш рет ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар пациентке қан айналымын механикалық қолдауға арналған LVAD жүйесін имплантациялау операциясы жасалды.
Бүгінде облыстық кардиоорталықта жылына шамамен 3 мың коронарография және 1,5 мың стенттеу жасалады. Сонымен қатар жылына 300-ден астам ашық жүрек операциясы жүргізіледі.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *