Жетісу облысында табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Қазіргі уақытта өңірдегі 115 елді мекен газдандырылып, 468 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді. Алдағы уақытта Ақсу, Сарқан, Алакөл және Ескелді аудандарындағы тағы 84 елді мекенді газдандыру көзделген. Жобалар толық іске асқан жағдайда облыс халқының 93,8%-ы табиғи газбен қамтылады.
Сонымен қатар газға сұраныстың артуына байланысты «Алматы – Талдықорған» магистральдық газ құбырының өткізу қабілетін ұлғайту қажеттілігі туындап отыр. Осы мақсатта жеке инвестициялар есебінен газ құбырының лупингін салу жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталған.
Газ тұтынуды есепке алу жүйесін жаңғырту бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Газбен жабдықтау жүйесіне қосылатын жаңа тұтынушылар үшін деректерді қашықтан беру функциясы бар Smart-есептегіштерді қолдану көзделген.
Жетісу облысында газбен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды тұрғындар тегін ала алады. Бұл қызмет цифрландырылып, құжаттарды eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы алу мүмкіндігі қарастырылған.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалының мәліметінше, заңнамаға сәйкес өңірдегі газ тарату ұйымдары техникалық шарттарды тегін береді. Компания бұл үдерісті толық цифрландырған. Сонымен қатар, өзге бағыттардағы қызметтерді де цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасады.
Өңірде газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында да жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылы облыс әкімдігімен бірлесіп, «Пергам» заманауи мобильді зертханалары арқылы 1178 шақырым жерасты газ құбыры тексерілді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *