Жыл басынан бері Жетісу облысындағы жол құрылысы жұмыстарына 83 рет тексеріс жүргізілді. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Жетісу облыстық филиалының мамандары асфальт төсеу барысында жіберілген олқылықтарды анықтап, мердігерлерге ескерту жасады.

Өңірдегі жол инфрақұрылымының сапасын арттыру – басты міндет. Арнайы комиссия жол салуда қолданылған материалдарды жан-жақты тексеруден өткізді. Зертханалық сараптамаға жол бөліктерінен 287 сынама алынды. Өкінішке қарай, 103 сынама белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келмеді. Мамандар асфальтбетон қабатының қалыңдығының аздығын, тегістік параметрлерінің сақталмауын, битум эмульсиясының жетіспеушілігін және асфальттың шөгуі сияқты кемшіліктерді тіркеді.

Мердігер ұйымдарға анықталған олқылықтарды қысқа мерзімде түзету тапсырылды. Қазіргі таңда жол құрылысшылары тиісті жұмыстарды қайта жүргізуде. Сапасыз жол төсемінің орнына жаңа материалдар қолданылып, барлық талапқа сай асфальт басу шаралары атқарылуда. Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жол салу кезіндегі бақылауды одан әрі күшейтуді көздеп отыр.

Жол – экономиканың күретамыры. Жаңа жолдардың ұзаққа шыдауы үшін сапалы материалдарды пайдалану және технологиялық процесті қатаң сақтау қажет.

«Жетісу-Ақпарат»

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *