Биыл «Ұлы дала жорығы» Петропавлдағы Абылай ханның резиденциясынан басталады. Осы жылы көшпенділердің V дүниежүзілік ойындары қарсаңында өтетін «Ұлы Дала Жорығы» бірегей марафонының республикалық іріктеу турының басталу күні жарияланды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты «JORYQ» Республикалық ат спорты федерациясына сілтеме жасап.

Жоба 12 мамырда басталып, 17 мамырда Астанада аяқталады. Бурабай курорттық аймағының, Ботай мен Бозоқ көне мекендерінің көрікті жерлерін басып өтетін марафон-бәйгенің жалпы қашықтығы 500 шақырымды құрайды.

Республикалық іріктеу кезеңінде орнатылған ең үздік жетістіктер Қазақстанның рекордтар кітабына (KINES) енгізілетіні жайлы тілге тиек етті.

«Үздік үштікке енген жеңімпаз командалар қыркүйек айына жоспарланған «Ұлы Дала Жорығы» халықаралық турына лицензияға ие болмақ. Қазіргі таңда аймақтық іріктеу турлары жүріп жатыр, олардың жеңімпаздары ұлттық іріктеу турына жолдама алады.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *