Талдықорған қаласында есірткі қылмыстарының алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұл жолы Жетісу облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Taldykorgan jastary» жастар ұйымының өкілдері және еріктілермен бірлесе отырып, қала аумағында наркограффитиді жоюға бағытталған тазалық акциясын ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты — қаланың көркін сақтау, қоғамдық орындардың бүлінуіне жол бермеу және жастар арасында заңға құрметті қалыптастыру. Қатысушылар көшелерді аралап, есірткі заттарын насихаттайтын заңсыз жазбалар мен суреттерді анықтап, оларды жою жұмыстарын жүргізді.

Акция барысында тұрғын үйлердің қабырғалары, қоршаулар мен өзге де инфрақұрылым нысандары тазартылып, қала келбеті айтарлықтай жақсарды. Бұл бастама қауіпсіз әрі таза қалалық ортаны қалыптастыруға өз үлесін қосты.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай жұмыстар тек сыртқы тазалық үшін емес, сонымен қатар жастарды зиянды ақпараттан қорғау және оның таралуының алдын алу үшін аса маңызды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *