Қазақстан Республикасында «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға енгізілген өзгерістер аясында мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау басталады. Аталған тетік саланы басқарудың ашықтығын арттыруға, кадрлық әлеуетті тиімді пайдалануға және спорт саласын орнықты дамытуға бағытталған.

Жаңа талаптарға сәйкес, бір мемлекеттік спорт ұйымында төрт жылдан астам уақыт қызмет атқарған бірінші басшылар ротациялауға жатады. Осы норма аясында өңірлерде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Өңірде қолданыстағы ережеге сәйкес ротациялауға жататын 8 спорт мекемелерінің бірінші жетекшілердің тізімі бекітілді. Қаңтар айында арнайы комиссия отырысы өткізіліп, оның қорытындысы бойынша бір ай мерзім ішінде басшыларды кезең-кезеңімен ауыстыру жоспарланып отыр.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Ұлан Рысқұлдың айтуынша, ротациялау тетігі басқару жүйесін жаңғыртуға, өңірлер арасында тәжірибе алмасуды күшейтуге және кадрлық тоқыраудың алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірлік спорт ұйымдарының жұмыс тиімділігін арттырып, бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға серпін береді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *