Жетісу облысының 23 спортшысы 2026 жылғы ХХ Азия ойындарына қатысып, ел намысын қорғайды. Өңір спортшылары жарысқа 8 спорт түрінен қатысады.
Қазіргі уақытта спортшылар Азия ойындарына дайындық аясында оқу-жаттығу жиындарына қатысып, республикалық және халықаралық жарыстарда тәжірибесін шыңдауда. Оларға жаттығу процесін ұйымдастыру, медициналық сүйемелдеу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бағыттарында қажетті қолдау көрсетілуде.
Атап айтқанда, ауыр атлетикадан – Ақмолда Сайрамкез, садақ атудан – Абдуллин Ильфат, Жаңбырбай Дәулеткелді, Землянова Александра және Мұрат Медина, велоспорттан – Евгений Федоров пен Сергиенко Денис, жеңіл атлетикадан – Болатбекқызы Айана, құзға өрмелеуден – Утешева Аделия, көгалдағы хоккейден – Олжабаева Дильназ және Хайрушева Дильназ, волейболдан – Никитина Татьяна, Таволжанский Илья және Жақсылықов Айбек, регбиден – Каменкова Екатерина, Тулегенова Амина, Аскерова Алина, Бакытпек Аяулым, Андриенко Диана, Сумский Данил, Белашов Александр, Петухов Максим және Лукманов Алексей.
Жетісулық спортшылар қазіргі таңда жарыс алдындағы дайындықтарын пысықтап, Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетуге күш салуда.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *