Жетісу облысы Алакөл ауданының Достық ауылында теміржол саласының қызметкерлері мәслихат депутаттарының сайлауына белсенділік танытты.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Достық станциясының 80 қызметкері жұмыс ұжымы болып №69 сайлау учаскесіне барып, дауыс беру рәсіміне қатысты.
Еңбек адамдарының бірлесе келіп, өз таңдауларын жасауы – қоғамдық өмірдегі маңызды оқиғаларға деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Олар күнделікті кәсіби міндеттерімен қатар, азаматтық міндеттерін де назардан тыс қалдырмай, сайлау процесіне атсалысты.
Айта кетейік, Жетісу облысында сайлау күні түрлі сала қызметкерлері мен еңбек ұжымдары сайлау учаскелеріне бірге келіп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетуде.