Өңірде спорт нысандарының ауқымды құрылысы жалғасуда.
Өз әкімшілік-аумақтық шекарасында үш жылдан сәл астам уақыттан бері өмір сүріп келе жатқан жаңадан құрылған Жетісу облысында спорт инфрақұрылымын белсенді салу аймақ дамуының қозғағаушы күштерінің біріне айналды, деп хабарлайды Vestnik19.kz тілшісі.
Бұған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауындағы II міндет бойынша «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру» тақырыбында «Денсаулық кепілі – дене шынықтыру» деп атап көрсетілуі түрткі болды, осыған байланысты облыс әкімдеріне бұқаралық спорт пен спорт инфрақұрылымын дамыту жөнінде тапсырма берілді.
Бүгінгі таңда біздің облыста спорт мектептері мен білім беру мекемелерінің балансында тұрған, сондай-ақ дене шынықтыру-спорттық мақсаттағы нысандар болып табылатын 1099 спорт ғимараты жұмыс істейді. Олардың қатарына стадиондар, Спорт сарайлары, спорт ғимараттарының кешендері, спорт кешендері, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, шаңғы базалары, ату тирлері, хоккей корттары, жазықтық құрылыстар, теннис корттары, ипподромдар, жүзу бассейндері, спорт залдары кіреді. Алайда, осыншама көп болғанына қарамастан, «Халықты 1000 адамға шаққанда спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету» көрсеткіші 2025 жылы небәрі 64,1% құрайды, яғни қалалар мен ауылдардағы спорт залдарының жалпы тапшылық аумағы әлі де елеулі. Бұл тапшылықты жоюдың жалғыз жолы бар – қажетті спорт инфрақұрылымын салу. Және ол салынып жатыр!
Өткен жылы облыс бойынша жалпы 18 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде жатақханасы бар заманауи волейбол орталығы, үстел теннисі орталығы сияқты маңызды нысандар, сондай-ақ аудан орталықтары мен шалғайдағы ауылдарда бірқатар блок-модульді спорт кешендері мен дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынды, Талдықорған қаласындағы «Жетісу» стадионы қайта жаңартылды. Ал биыл да құрылыс алаңдарында жұмыс қызу жүріп жатыр. Онда Алакөл ауданының Лепсі ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен спортшыларға арналған жатақхана, Талдықорған қаласында көркем гимнастиканың мамандандырылған залы, ауылдық жерлерде блок-модульді спорт кешендері мен спорт кешендерін салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Ал болашаққа арналған жоспарларда – Текелі қаласының маңында заманауи шаңғы-биатлон кешенінің құрылысы бар.
Осы үлкенді-кішілі спорттық құрылыстардың барлығының нәтижесі ұлт денсаулығын нығайту және Қазақстанның спорттық держава ретіндегі мәртебесін күшейту болады. Алдағы жылдары біз бүгінде салынып жатқан сол спорт залдарынан әлемдік ареналарға шыққан жаңа чемпиондар есімдерінің көбеюін күтуіміз керек.