Жаңа жыл – бұл түрлі тағамдар дайындалып, мол дастархан басында отбасымен және достармен бас қосатын мереке.

Алайда, мерекелік көңіл-күймен бірге тамақтан улану қаупі де артады. Мерекенің қауіпсіз және жақсы өтуі үшін тағамды таңдау, дайындау және сақтаудың қарапайым ережелерін сақтау маңызды. Тамақтан улану қаупін азайту үшін келесі ережелерді сақтаңыз.

Азық-түлік сатып алу:

  • азық-түлікті тек ұйымдастырылған сауда орындарынан сатып алыңыз;
  • жеке тұлғалардан алкоголь, үй консервілері, саңырауқұлақтар, ет, балық, ысталған балықты сатып алмаңыз;
  • сатып алу кезінде қаптаманың бүтіндігі, өнімнің сыртқы түрі, шығарылған күні және жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз;
  • азық-түлікті өндірушінің ұсыныстарына сәйкес сақтаңыз.

Мерекеге дайындық:

  • тағамдарды мереке алдында балғын өнімдерден дайындаңыз;
  • тағамдарды алдын ала және көп мөлшерде жасамаңыз;
  • мен тағамдарға арналған ингредиенттерді мерекеден бір-екі күн бұрын дайындамаңыз.

Тағамдарды дайындау:

  • жеке гигиена ережелерін сақтаңыз;
  • шикі және дайын өнімдер үшін бөлек кесу тақталары мен пышақтарды пайдаланыңыз. Оларды әр қолданғаннан кейін мұқият жуыңыз;
  • губкаларды, майлықтарды және ас үй сүлгілерін жиі ауыстырыңыз, жұмыс беттерін таза ұстаңыз.

Дайын тағамдарды ұсыну және сақтау:

  • салаттарға дәмдеуіштерді дастарханға қояр алдында қосыңыз;
  • дайын тағамдарды шикі тағамдардан бөлек сақтаңыз;
  • мерекеден кейін тез бұзылатын тағам қалдықтарын тастаңыз;
  • маринадталған көкөністерді, салаттарды, маринадталған етті, дайын тағамдарды және кондитерлік өнімдерді бөлме температурасында қалдырмаңыз – оларды тоңазытқышта сақтаңыз.

Үйде консервіленген көкөністерге ерекше назар аудару қажет, олар негізінен қысқы кезеңге дайындалады және мерекелік жаңа жылдық үстелдердің ажырамас бөлігі болып табылады (саңырауқұлақтар, қияр, қызанақ, баклажан және басқалар). Егер консервіленген өнімдері бар банкадағы қақпақ ісінген болса (бомбаж) немесе басқа себептермен сіз оның сапасына күмәндансаңыз, бұл өнімді пайдаланбаңыз.

Сізге қауіпсіз және жағымды Мереке тілейміз! Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыз.

Асхат Чарапиев,

Жетісу облысы СЭБД басшысы.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *