АПВ – тері мен шырышты қабаттарды зақымдайтын кең тараған вирустардың тобы, 200-ден астам түрі бар, оның 14 типі онкологиялық ауруларды тудыратыны белгілі.

95%-дан астам жағдайда жатыр мойны обырын адам папилломавирусы (АПВ) тудырады.

ЖМО-на әлемде жылына 600 мыңнан астам әйел шалдығып, 340 мың әйел көз жұмады. Қазақстанда жыл сайын 2000-ға жуық әйел ЖМО жаңа жағдаймен анықталып, 600 әйел көз жұмады. Бүгінде Жетісу облысында 600-ден астам әйел ЖМО-мен есепте тұр.

Адамдардың шамамен 80% өмірінің белгілі бір кезеңінде АПВ жұқтырып алады. Себебі инфекция оңай беріледі, таралуы терімен, шырышты қабаттармен тікелей жанасу кезінде орын алады: тұрмыстық жанасу, жыныстық жол, босану кезінде, өзінің денесінің 1 бөлігінен екіншісіне.

Онкологиялық аурулардың 1 түрінен – ЖМО-нан тиімді сақтана аламыз. Бұл әдіс – вакцинация. Тиімділігі — 95%.

Жүргізілген зерттеулер әлемде және Қазақстанда да АПВ-ң 16, 18 серотиптері кең тарағанын көрсетті. Дәл осы серотиптер қолданыстағы АҚШ-та жасалған 4-валентті «Гардасил» вакцинасының құрамында бар. АПВ-ға қарсы вакцина 2006 жылдан бастап, қазір әлемнің 135-тен астам елінде қолданылып жатыр. Вакцина егілгізілген елдерде АПВ таралуы 90%-ға дейін төмендеген.

«ҚР вакцинациялау 2024 жылдың қыркүйек айында басталды. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес АПВ қарсы екпе 11 жастағы қыздарға жасалады. 12-13 жасар қыздарға толықтыра вакцинация жүргізіледі. Вакцинация 2 кезеңде ата-аналардың келісімімен жүргізіледі, 2-ші доза 6 айдан кейін салынады. Вакцина дәрігердің қарауынан кейін ғана енгізіледі. Дәрігер вакцинация үшін қарсы көрсетілімдердің бар-жоғын анықтайды. Салқын тию сияқты кішігірім инфекция вакцинацияға қарсы көрсетілім емес»,— дейді Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

Вакцинация басталғалы облыста АПВ-ға қарсы екпемен 8707 қыз бала қамтылды. Оның ішінде 5528 қыз 2-дозамен де қамтылды. Вакцинадан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.

Уақытында алынған АПВ-на қарсы вакцина қыздарды жатыр мойны обырынан қорғайды!

ДДҰ мәліметі бойынша 2030 жылға қойылған міндеттердің ішінде 15 жасқа дейінгі қыздардың 90%-ы АПВ-ға қарсы вакцина алып, 35-45 жастағы әйелдердің 70% жоғары сапалы скринингпен қамтылып, ЖМО диагнозы қойылған әйелдердің 90% емделсе — ЖМО-ң 74 миллион жаңа жағдайының алдын алып, 62 миллион әйелдің өмірін сақтап қаламыз.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *