Zhenis ISKABAY

Мемлекет басшысының бастамасымен қолдау тапқан Жетісу облысының мәдениет саласындағы маңызды оқиға ресми түрде жүзеге асты. Бикен Римова атындағы драма театрына академиялық мәртебе берілді.

Бұл қуанышты шешім Премьер-Министрдің 2 желтоқсандағы арнайы қаулысы негізінде қабылданып отыр. Еске сала кетейік, бұл ұсынысты Мемлекет басшысы осы жылдың 21 мамырында Мәдениет саласы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиында айтқан болатын. Бұл — өнер ұжымының көп жылғы шығармашылық жолының, театр өнері мен мәдениетін дамытуға қосқан айтулы еңбегінің заңды бағасы.

Өңір жұртшылығы бұл жаңалықты зор мақтанышпен қабылдады. Әсіресе, театр ұжымы үшін бұл үлкен мереке!

«Бұл тек атақ қана емес, біздің өнерді өркендетуге қосқан үлесіміздің және ұлт руханиятын дамытудағы еңбегіміздің лайықты бағалануы деп білеміз. Біз үшін осы мәртебеге жету – әрі үлкен қуаныш, әрі зор жауапкершілік,» – деді театрдың көркемдік жетекшісі Сағындық Жұмаділ.

Ол Талдықорған театрының биыл 50 жылдығын атап өткенін, жарты ғасыр ішінде театрдың бай репертуар қалыптастырып, көптеген жас таланттарды тәрбиелеп шығарғанын атап өтті.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *