Ұзақ уақыт бойы тұздың шамадан тысмөлшері адамның сыртқы түріне ешқандай әсеретпейді, бірақ кейінірек пайда болу мүмкіндігі өтежоғарылайды. Ғылыми зерттеулер тұзды тұтынудыазайтуды ұсынады. Дүниежүзілік денсаулық сақтауұйымы күніне ең көп дегенде 2000 мг натрий алуғакеңес береді. Натрийдің бұл мөлшері шамамен біршай қасықта немесе 5 грамм тұзда болады. Алайда, ересек адамдардың көпшілігі осы стандарттарданкем дегенде екі есе артық пайдаланады.
Натрийдің негізгі көзі – ас тұзы, тұздықтар (әсіресе соя соусы), түрлі кетчуптер немесе дайындалған дәмдеуіштер, өңделген тағамдар.
Тұзды тағаммен көп мөлшерде жеу қан қысымын жоғарылатады және инсульт пен жүрек ауруының қаупін арттырады, әсіресе гипертония яғни тұзға сезімтал адамдарда. Денедегі тұздың көп мөлшері кальцийді ағызып, сүйектің тығыздығының төмендеуіне немесе остеопорозға әкелуі мүмкін. Тұздың көп мөлшері денсаулыққа зиянды ғана емес, өлімге әкелуі де мүмкін. Тұздың жетіспеуі де қауіпті. Негізінен тұзда болатын натрий организмдегі сұйықтық тепе-теңдігін басқарудан басқа, көптеген басқа физикалық қызметтерге де жауап береді. Оның жетіспеушілігі тұзға деген қатты құмарлықты тудырады, сонымен қатар аурудың белгісі болуы да мүмкін.
Тұзға бай бірнеше тағамдар:
• ірімшік;
• ет өнімдері;
• ысталған өнімдер;
• фастфуд;
• дайын теңіз өнімдері;
• жартылай фабрикаттар;
• консервілер;
• майонез және басқа тұздықтар.
Сонымен, қазір сіз көп тұзды жеудің сіздің денсаулығыңызға зиянын тигізетінін біліп қана қоймай, пайдалы тамақтану жолын бастау үшін осы пайдалы кеңестерге сүйене аласыз. Тұз тілдегі дәм сезгіштікті ынталандырып, тағамның дәмін жақсартады. Тұзды аз мөлшерде тамақтану арқылы қанықтыру сезімі тезірек пайда болады және шамадан тыс тамақтану қаупі төмендейді. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес тұтынушының өзі қанша тұз жеуге болатындығын өзі шешіп, таңдау жасауы керек.
Самат Ахметов,
Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары.