Сібір жарасы табиғи ошақтық жұқпа болғандықтан елімізде аурудың бұрқ ету жағдайлары жыл сайын тіркеліп отырады. Республика көлемінде 2025 жылдың 6 айында тұрғындар арасында сібір жарасының 14 расталған жағдайы тіркелді.
Біздің облыста соңғы 10 жылда адамдар және ауылшаруашылық жануарлар арасында жағдай тіркелген жоқ.
Дегенмен облыс бойынша есепте сібір жарасынан 96 стационарлық — қолайсыз пункт, 158топырақтық ошақғ 129 көміндіде орналасқан, облыстық ветеринариялық басқармасының мәліметі бойынша бүгінгі күні барлық ошақтыңкоординаттары GPS навигатор көмегімен анықталған.
«Сібір жарасы – аса қауіпті зоонозды ауру, спора түзуші бактерия. Споралар топырақта 100 жылға дейін тіршілік ету қабілетін сақтайды. Бұл зоонозды инфекция (жануарлардан адамға жұғатын ауру), көбіне шөпқоректі жануарларды зақымдайды. Бактериялар өте күшті токсиндерді бөліп шығарады, көп жағдайда өлімге әкеледі. Адамдар бұл дертті ауру жұқтырған жануарлардан немесе олардан алынатын өнімдері арқылы жұқтыруы мүмкін», — дейді Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Индира Кунбасова.
Сібір жарасын алдын алу:
Рұқсат етілмеген сауда орындарынан, ветеринариялық таңбасыз ет сатып алмаңыз және сатушылардан ветеринариялық ілеспе құжаттарды сұраңыз.
Мал қораны жинаған кезде, терімен, жүнменжәне т.б. жұмыс істегенде арнайы қорғаныс киімдерін кию.
Адамдар мен жануарларды сібір жарасына қарсы вакцинасымен егу маңызды. Тұрғындарды сібір жарасына қарсы жоспарлы вакцинациялауды медициналық ұйымдар халықтың мынадай контингентіне:
• мал сою цехтары мен ет комбинаттарыныңқызметкерлеріне;
• ветеринариялық клиникалардың дәрігерлерімен персоналына;
• жануарлардың терісі мен жүні өңделетін кәсіпорындардың қызметкерлеріне;
• сібір жарасын диагностикалаумен және зерттеумен айналысатын зертханалардың қызметкерлеріне жүргізеді;
• алдын ала ветеринариялық куәландырусыз ауыл шаруашылығы жануарларын аулада союға және жануарлардан алынатын шикізатты сатуға жол бермеу;
• рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерде, стационарлық қолайсыз пункттерде мал жаюға жол бермеу.