12 тамыз — Халықаралық жастар күні. Осы мерекені Жетісу облысының жастары биыл тың форматта, JETFLOW атты 10 күндік жастар декадасымен қарсы алып отыр. Бұл жоба әр салада белсенді, ойы ұшқыр, бастамашыл жастарға арналған кең алаң болмақ. Осындай ақпаратпен «Жетісу жастары» КММ-нің директоры Шамиль Ванкеев Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында бөлісті.
Декада аясында 11-22 тамыз аралығында түрлі бағыттағы мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылады.
11 тамыз – Хакім Абайдың поэзия күні: ұлы ойшылдың мұрасы жаңа қырынан насихатталады.
12 тамыз – Халықаралық жастар күніне арналған басты кеш: «Көшбасшы – 2025» әкім сыйлығы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты иегерлерін марапаттау және концерттік бағдарлама. Бұл – декаданың ресми ашылуы.
13 тамыз – экологиялық тақырыптағы дебаттар және Талдықорған қаласының прокурорымен ашық кездесу; облыс әкімі жанындағы жастар кеңесінің алғашқы отырысы.
14 тамыз – «Aqyl Qos» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылады.
15 тамыз – Сарқан ауданы, Аманбөктер ауылында «Жайлау Fest» ұлттық мерекесі өтеді.
16 тамыз – Көксу ауданындағы «Auyl Vibe» өнер мен спорт алаңы.
17 тамыз – Жастар паркінде «Ту астында» ашық аспан астындағы кинокөрсетілім.
18 тамыз – «LEVEL UP: Mentor+» көшбасшылық курстарының басталуы.
19 тамыз – Алакөлдің Үшарал қаласында «Qosyl Fest».
20 тамыз – «JETUP Football» достық турнирі.
21 тамыз – «Qaharman Battle» спорт және киберспорт сайысы.
22 тамыз – «Dream City» жобасымен декаданың қорытындысы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл он күн Жетісу жастарының бірлігі мен белсенділігінің айқын көрінісіне айналып, білімді, жауапты, отаншыл буын қалыптастыруға үлес қоспақ.