
2025 жылдың 30 наурызында Панфилов аудандық маслихатының депутаттығына сайлау өтеді. Осыған орай, мен — ИЛЬЯСОВ ДИМАШ СЕРІКҰЛЫ, аталған сайлауға кандидат ретінде түсіп, өз сайлауалды бағдарламамды ұсынудамын.
«Ауыл» партиясының билікте, елдің заң шығарушы органында өкілдік етуі – түпкі мақсат емес, біздің бағдарламалық міндеттерімізді іске асыру құралы және ауылдың, яғни ел азаматтарының жартысына жуығының проблемаларын билікке жеткізудің мүмкіндігі.
Қазақстан халқының барлық өзекті мәселелерін жинап, талдай келе, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы тәуелсіз, күшті, әлеуметтік бағдарланған және гүлденген Қазақстанды құруды көздеген 7 бағыттан тұратын өз бағдарламасын ұсынған болатын, олар:
- ХАЛЫҚТЫҢ РУХЫН КӨТЕРУ;
- АЗАМАТТЫҚ ӨЗІНДІК САНА-СЕЗІМДІ ЖАҢАРТУ;
- МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ НЫҒАЙТУ;
- ОТБАСЫ МЕН АНАНЫҢ РӨЛІН АРТТЫРУ;
- БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР;
- АУЫЛДЫҢ ІЛГЕРІЛЕУІ;
- ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЖҮРЕГІ–АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ;
- КҮШТІ КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ;
- СЫНДАРЛЫ СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖҮРГІЗУГЕ ҮЛЕС ҚОСУ.
Рухани-адамгершілік құндылықтар қоғамның дамуы үшін үлкен маңызға ие. Бұл біздің шығу тегіміз және түп-тамырымыз! Жер, ауыл біз үшін қасиетті ұғымдар!
Біз ұлттық мәдениеттің келешегіне қауіп-қатер төндіретін жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Мемлекеттің толыққанды дамуы үшін тілдің, рухани құндылықтардың орны мен рөлі, сананы қайта жаңғырту аса маңызды.
Халық рухын жаңғырту, азаматтық сана-сезімді жаңарту, мемлекеттік тілді нығайту үшін мыналарға ҚОЛ ЖЕТКІЗЕТІН боламын:
- Жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беру;
- Халықты ауыз сумен, газбен, интернет жүйесімен қамтамасыз ету;
- Ауылдың жолдарын талапқа сай жөндеуге, электро жарығымен толық қамтамасыз етуге, бөлінген қаржыны қадағалауға;
- Ауылды қаржыландыру мақсатында инвесторларды тарту жұмыстарын жүзеге асыру;
- Тұрғындарға кіші және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік беруді талапетуге;
- Ауылшаруашылық секторының дамуын түбегейлі қолдауға;
- Суармалы жерлер мәселесін шешу жолында нормативтік заңламаларға сәйкес іс шараларды қадағалауға;
- Субсидияларды алу және басқа да маңызды мәселелерді шешу бойынша құқықтық қолдауды көрсету;
Осы жоғарыда айтылған мәселелердің орындалуын түбегейлі қадағалауды және заң жүзінде жүзеге асуын өзіме мақсат етіп қоямын.
Құрметті сайлаушылар!
Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтай отырып, туған елімізді өркендетуге, халықты игілікті істі бастауға өзімнің бар күш жігерімді жұмсайтыныма Сіздерді сендіремін!