
Жетісу облысында Respublica партиясының сайлауалды штабының жабылу рәсімі өтті. Іс-шара барысында сайлауалды кезеңде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, партия командасының белсенді қызметі атап өтілді.
Сайлау науқаны аясында Жетісу облысынан Respublica партиясы атынан бірмандатты сайлау округтері бойынша 9 кандидат, ал партиялық тізім бойынша 3 кандидат сайлауға қатысты.
Атап айтқанда, облыстық мәслихатқа 4 кандидат ұсынылды. Сонымен қатар партия кандидаттары Алакөл, Көксу, Ескелді, Сарқан және Қаратал аудандарында, сондай-ақ Текелі қаласында өз үміткерліктерін ұсынды.
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде партия өкілдері тұрғындармен кездесулер өткізіп, елді мекендерді аралап, халықтың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдады. Текелі қаласында 50-ден астам түрлі форматтағы іс-шара ұйымдастырылды.
Сайлауалды штабтың жұмысы партия мүшелерінің, белсенділер мен еріктілердің бірлескен еңбегінің нәтижесінде жүзеге асты.
Respublica партиясының Жетісу облыстық филиалы сайлау науқаны барысында қолдау білдіріп, белсенділік танытқан барша азаматтарға алғыс білдіреді.
Бірлік пен ортақ мақсат жолындағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады!