2025 жылдың 30 наурызында Панфилов аудандық маслихатының депутаттығына сайлау өтеді. Осыған орай, мен — Нурсейтов Шыңғыс Берікұлы, аталған сайлауға кандидат ретінде түсіп, өз сайлауалды бағдарламамды ұсынудамын.

Панфилов ауданында, соның ішінде Жаркент қаласында жұмыссыздықты болдырмау мақсатында жұмыссыз жас мамандардың ауыл шаруашылығы саласында жұмысқа орналастыруға ықпал етемін. Жастардың жат пиғылды діни ағымдардың ықпалына еруін және теледидардан зорлық – зомбылық пен азғындықты насихаттайтын фильмдердің көрсетілуін Тәуелсіздігімізге төнген қауіп ретінде бағалап, жастар тәрбиесін және әлеуметтік көмеккке зәру жандар жағдайын басты назарда ұстаймын. Қазіргі Жаркент қаласы көшелерін жарықтандыруды одан әрі жалғастыру жұмыстарын жүргізуге күш саламын.

Осыған орай:

  • Біздің қаламызда тыныштық пен тәртіптің болуын   қадағалаймын;
  • Жастарының мүддесін қорғаймын;
  • Қалалық әкімшілігімен бірлесе отырып, жастардың бойындағы отансүйгіштік рухтың, рухани байлықтың артуына ат салысамын.
  • Білім, денсаулық сақтау және спорт салаларының мәселелерімен айналысамын;
  • Зейнеткерлер мен ардагерлердің, аналар мен балалардың, мүгедектердің, тұрмыс жағдайы төмен жанұялардың мұң-мұқтаждарын тиесілі орындарғы жеткізе отырып, оң шешімін табуға ықпал ету;
  • Мәслихаттың тұрақты комиссияларында және сессияларында тұрғындардың ойынан шығатын көкейкесті мәселердің дер кезінде қаралып, жүзеге асырылуын қадағалаймын.

Қоғамдағы проблемалардың бірі – жұмыссыздық. Осы жағдайды ескере отырып жастар арасында жұмыссыздықты азайту үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысамын, жұмыссыз азаматтарға жұмыс көздерін қарастыруға күш саламын.

Осы айтқандарымды орындауға бар күш жігерімді саламын!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *