
2025 жылдың 30 наурызында Панфилов аудандық маслихатының депутаттығына сайлау өтеді. Осыған орай, мен — СЕЙІТБАЕВ ІЛИЯС ЕРІКБЕКҰЛЫ, аталған сайлауға кандидат ретінде түсіп, өз сайлауалды бағдарламамды ұсынудамын.
Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Бүгінгі таңда экономика мен өз мемлекеттігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, қағидаттық жаңа кезеңге аяқ бастық. Қоғам, адам және айналамыздағы қоршаған орта да жаңашылдыққа ауысты.
Біз де сол елдің патриот азаматы ретінде осы жаңа қадаммен ілесіп келеміз. Еліміздің келешекке деген бағытын бұзбай, тек алға қадам басуына еңбектеніп, күш жігерімізді салудамыз.
Әлемдік саяси аренада Қазақстан өзінің нақты орны мен беделін айқындады. Қызмет салаларының көпшілігі дұрыс бағытта өрістеп, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Өркениетті мемлекеттермен тереземіз теңесті. Көп жылдардан бері талай сындарлы белестерден өтіп, айтарлықтай жетістіктерге жеттік.
Ендігі кезекте біздің мақсатымыз- мемлекетіміздің дәл осы қалпын жоғалтпай, дамуына үлес қосу. Ол үшін бір шаңырақ астында ұйысқан бірлік пен ынтымақ керек. Мен ел азаматтарын қиындықтарды еңсеріп, бірлікте болуға шақырамын. Кандидат ретінде жоғарыда айтылған ел жетістіктерін дамытуға және қызметіме жауапкершілікпен қарауға жұмыс жасаймын. Халықтың мүддесін жоғары орынға қойып, олардың мұң-мұқтажын, талап-тілегін орындауға барымды саламын. Ел азаматтарын жұмылдырып, қызмет етуге жұмылдырамын!
Ол үшін:
— Еліміздің болашағы жастар болғандықтан, жастардың жұмыспен қамтылу мәселесін шешуге ;
— Президентіміздің жолдаулары аясында бөлінген арнайы бағыттарды негізге ала отырып, сонда қарастырылған мәселелерді шешуге үлес қосуға;
— Өңірдегі тарихи ескерткіштер мен ата-бабаларымыздан қалған көне мұралардың сақталуына және оны жас ұрпаққа насихатталуына жағдай жасауға;
— Мәдениет саласының қарқындауы аясында, ұлттық құндылықтарымыз бен өнерімізді өркендетуге;
— Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдан келгенше көмек көрсетуге;
Осы бір маңызды да күрделі жұмыстарды аяғына дейін жеткізуді мақсат етіп қоямын.
— Ауданымыздың азаматтары кәсіпкерлік сала бойынша арнайы ұсыныстары болса, оны іске асыруға көмектесуге;
— Халық арасында жұмысссыздық мәселесін жойып, адамдарды еңбекке тартуға;
— Қазақстандағы бизнеске бағытталған арнайы жобаларды іске асыруға және оны халыққа насихаттауға
үлесімді қосамын.
Уақыт жаңаруда, технология даму үстінде, қоғам өркениетке ұмтылуда. Ендігі кезекте жаңа дүниені қабылдау үшін көзқарас пен психологияны да өзгерту керек. Әлемдегі сын-қатерлер алдында бізге босаңсуға болмайды. Ол үшін мемлекет жүктеген талап пен міндеттерді бұлжытпай орындау-қазақстандықтардың парызы болуға тиіс.
Құрметті сайлаушылар!
Өз құқығымыз бен Заң талаптарын сақтай отырып, сіздерді идеяларды жүзеге асыруға және күш біріктіріп, қиындықтарды жеңуге шақырамын! Ел болашағына қызмет етуге және халықтың үмітін ақтау үшін аянбай еңбек етуге барымды саламын!