Бүгінгі таңда облыс аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты. «Қазгидромет» алдын ала болжамына сәйкес, су басу қаупі жоғары аймақтарға Алакөл, Ескелді, Кербұлақ және Көксу аудандары жатқызылған.
2025 жылғы су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындық аясында 2024 жылы 34 іс-шара жүргізілді.
Сонымен қатар, 6-7 ақпан күндері «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында облыс аумағында алты өзеннің арнасын бекіту және үш су ағызу каналының тазарту жұмыстары жүргізілді.
«Жалпы, облыс бойынша су басу қаупі жоғары 47 елді мекен анықталды. Оның ішінде 43 елді мекенде дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында су басу қаупі барынша төмендетілді, ал қалған 4 елді мекенде жұмыстар белгіленген мерзімге сәйкес жүргізілуде», – деді Қалдыбек Төлеуұлы.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *