
Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары!
Мен, Құдайбергенов Мирас Маратұлы, Талдықорғанның белсенді азаматы ретінде қалалық мәслихат депутаттығына өз кандидатурамды ұсындым.
Қоғамдық қызметтердегі тәжірибем жергілікті қазынаның әрбір теңгесі халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс екенін анық көрсетеді. Депутат ретіндегі жұмысымның негізгі өзегі – бюджет қаражатына ашық бақылау жасау, инженерлік желілерді жаңғырту, жолдарды сапалы жөндеу және әлеуметтік нысандардың тиімді жұмыс істеуін қадағалау.
Біз 2026-2031 жылдарға арналған бағдарламамыз аясында қала мен шеткі аумақтардың инфрақұрылымын жақсарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын түзеу және кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүйелі жұмыс жүргіземіз.
Ашық бюджет және тиімді бақылау: Бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қатаң бақылап, мемлекеттік сатып алулар мен инфрақұрылымдық жобалардың сапасына қоғамдық мониторинг ұйымдастыруға ықпал етемін.
Инфрақұрылым және жол сапасы: Округ аумағындағы көшелерді жарықтандыру, тротуарлар мен абаттандырылған аулаішілік жолдардың саналуын талап ету.
Тұрғындармен кері байланыс: Әрбір тұрғынның өтінішін тыңдап, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал етемін және жыл сайын атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында ашық есеп беретін боламын.
Бірлесе отырып, ашық, тұрақты дамыған және қолайлы қала қалыптастырамыз!