Ардақты ағайын, құрметті жерлестер!

Мен, Меиров Талғат Сайлаубайұлы, өңіріміздің белсенді азаматы ретінде мәслихат депутаттығына өз кандидатурамды ұсындым.

Жетісу жерінде туып-өсіп, оның әрбір тыныс-тіршілігіне қанық болғандықтан, туған жердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту – мен үшін азаматтық парыз. Құрылыс және жобалау салаларындағы кәсіби тәжірибем мен қоғамдық жұмыстағы белсенділігім халық пен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді диалогты орнатуға мүмкіндік береді.

Негізгі бағыттарым:

Әлеуметтік қолдау: Қарттар мен балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жан-жақты әлеуметтік көмек көрсету, олардың құқықтарын қорғау.

Цифрлық мүмкіндіктер мен қауіпсіздік: Округ аумағын сапалы интернет пен ұялы байланыспен қамту, заманауи балалар ойын алаңдарын жабдықтау және көшелерді жарықтандыру.

Ашық есеп беру: Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін үнемі назарда ұстап, атқарылған жұмыстар туралы халық алдында ашық есеп беріп отыру – менің басты ұстанымым.

Өмір сүруге қолайлы, таза әрі қауіпсіз ортаны бірлесіп қалыптастырайық!

Туған өлкеміздің өркендеуі жолында бірлік пен ынтымақты сақтап, ортақ мақсаттарға қол жеткізу — бәріміздің ортақ міндетіміз. Облыстық мәслихаттағы қызметімде тұрғындардың талап-тілектеріне құлақ асып, өңірдегі өзекті мәселелердің оң шешілуіне ықпал етуді өзімнің басты азаматтық парызым деп білемін.

Сайлауға келіңіздер, өз таңдауларыңызды жасаңыздар!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *