Құрметті сайлаушылар! №6 сайлау округінің қадірлі тұрғындары!

    Мен, Базарбекұлы Қайсар, жергілікті кәсіпкер ретінде кәсіпкерліктің қоғам алдындағы жауапкершілігін терең түсінемін.

    Өндіріс өссе – жұмыс орны көбейетінін, ал жұмыс орны көбейсе – әр отбасының табысы артатынын күнделікті жұмысымнан жақсы білемін. Нақты өндірістің қаламыздың әрбір тұрғынына тигізер пайдасы зор.

    Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары, қадірлі жерлестер!

    Басты басымдықтарым мен міндеттемелерім келесідей:

    Өндіріс пен бизнеске қолдау: Азық-түлік өнімдерін өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарын жаңғыртуға, жергілікті өнім көлемін арттыруға және кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімді болуына ықпал ету. (Жергілікті өндірушілерді ынталандыру және шағын бизнесті дамыту).

    Тұрақты жұмыс орындары: Жаңа өндіріс орындарын ашу, кәсіпорындарды кеңейту және инвестиция тарту арқылы жұмыссыздық пен кадр мәселесін шешуге атсалысу. Тұрғындарды, әсіресе жастарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.

    Кәсіби білім беру: Қалалық колледждерде өңір кәсіпорындарының сұранысына сай мамандар даярлауды қолға алу, мектептер мен колледждерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын күшейту.

    Азық-түлік қауіпсіздігі: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы негізсіз өспеуі мәселесін тиісті органдар алдында тұрақты көтеру.

    Бірлесе отырып, өндірісі дамыған, жұмыс орындары көп және әрбір отбасыға жайлы Талдықорғанды қалыптастыра аламыз!

    Сайлауға келіңіздер! Өркендеу мен даму үшін маған дауыс беріңіздер!

    От admin

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *