Құрметті сайлаушылар!

Мен, Байжұрынов Арнай Рақымберліұлы, облыстық «Jetisy Jastary» жастар ресурстық орталығының директоры қызметін атқара отырып, өңірдегі жастар саясаты, жастарды қолдау бағытындағы жобаларға жетекшілік етемін.

Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде округіміздің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты міндеттемелерді орындауды мақсат етіп отырмын.

2026–2031 жылдарға арналған негізгі іс-шараларым:

Жол және қоғамдық көлік: Жол жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуын қадағалау және қоғамдық көлік қызметін жетілдіру мәселелерін тұрақты көтеру. Халық көп жүретін аумақтарда жаңа автобус аялдамаларын орнату және маршруттардың кестесін ретке келтіру.

Инженерлік желілер мен абаттандыру: Су, электр және жылу желілерінің тозуын азайтып, үзіліссіз ауызсу мен жарықпен қамтамасыз ету. Тозған желілерді жаңарту жұмыстарын талап ету.

Экология және тазалық: «Таза Қазақстан» бастамасы аясында аулаларды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарының барысын бақылау және экологиялық акцияларға тұрғындарды қатыстыру. Тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау контейнерлерін орнатуды қолдау.

Қауіпсіз орта: Жастар мен жасөспірімдер жиі баратын орындарда жарықтандыруды күшейтіп, бейнебақылау жүйелерін дамыту, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелдерінің қауіпсіздігін арттыру. Әсіресе балалар мен мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін жарықтандырылған «ақылды» өткелдер санын көбейту.

Денсаулық сақтау және цифрландыру: Тұрғындардың медициналық көмек пен профилактикалық тексерулерге қолжетімділігін жақсарту, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалануда цифрлық сауаттылықты арттыруға қолдау көрсету. Тұрғындарға, әсіресе қарттар мен жастарға арналған цифрлық сауаттылық курстарын ұйымдастыру.

Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз – нәтижеге деген үлкен жауапкершілік. Әрбір шешім туған өлкеміздің игілігі үшін қабылданады!

Өз таңдауыңызды жасап, жарқын болашақ үшін дауыс беріңіздер!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *