Құрметті сайлаушылар!

    Мен. Хоменко Наталья, Жетісу өңірінің белсенді азаматшасы әрі журналистика саласында еңбек тәжірибесі бар маман ретінде өзімді мәслихат депутаттығына ұсындым.

    Талдықорғанның әрбір тұрғыны жайлы ортада өмір сүріп, болашағына сеніммен қарауға лайық. Депутаттық қызметім аясында тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мынадай міндеттерді жүзеге асырамын:

    Алдағы кезеңде қаламыздың тұрақты дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыру мақсатында мына 4 маңызды бағытта жүйелі жұмыс атқарамын:

    Жастарға қолдау және тұрақты жұмыс орындары: Жастарымыздың оқу бітірген соң жұмыссыз қалмауы үшін дуальды оқыту жүйесін дамытып, колледж түлектерінің өндіріске орналасуына тікелей ықпал етемін.

    Заманауи цифрлық қала: Қаланың әрбір тұрғыны сапалы интернетті еркін пайдалануы тиіс. Талдықорғанда Apple Store үлгісіндегі заманауи цифрлық кеңсенің ашылуын бақылауда ұстап, жастардың IT-технологияларды меңгеруіне және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға күш саламын.

    Қолжетімді медицина, қауіпсіз білім және кедергісіз орта: Емханалардың заманауи құрал-жабдықтармен қамтылуына, балаларымыздың қауіпсіз мектептерде білім алуына жағдай жасаймын. Қарттарымыз бен ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін қала инфрақұрылымының барынша қолайлы болуын қамтамасыз етемін.

    Экология және «Таза Қазақстан»: Туған қаламыздың тазалығы — ортақ іс. «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғындармен бірге сенбіліктер мен ағаш отырғызу шараларын тұрақты өткізіп, қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу мәдениетін дамытамыз.

    Сіздің білдірген сеніміңіз — мен үшін ең үлкен жауапкершілік. Ел игілігі жолында бірге еңбек етейік!

    Сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауыңызды жасаңыз!

    От admin

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *