Құрметті жерлестер!

Мен, Қаратас Жомарт Мандатұлы,  мемлекеттік және қоғамдық қызметкер ретінде көп жылдық тәжірибесі бар азамат ретінде өз  кандидатурамды мәслихат депутаттығына ұсындым.

Талдықорған қаласының шеткі аудандары мен кооперативтеріндегі тұрмыстық жағдайды жақсарту – алдағы бес жылдағы басты міндеттерімнің бірі. Аймақтың инфрақұрылымын дамыту бағытында мынадай нақты жұмыстарды атқарамын:

Жол және көлік: Аққайың, Бұлақты, Ойжайлау, Е. Брусиловский көшелерін жол жөндеу жоспарына қосуды талап етемін. Абай мен Абылайхан көшелеріндегі аялдамаларды қарттарға ыңғайлы етіп жаңартамыз.

Коммуналдық жүйелер: «Мерекелік» бағбандар кооперативіне 31,1 км газ желісінің тартылуын қатаң қадағалап, «Ключи» кооперативін газ, су және жарық желілерінің келесі кезегіне енгізу мәселесін көтеремін. В. Блюхер, В. Иванилов, С. Буденный, Жаңадәуір көшелерінде аулаларды абаттандырып, қоқыс шығару кестесінің сақталуын қадағалаймын.

Кәсіпкерлік және жұмыс орындары: «Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша ақпараттық кездесулер өткізіп, субсидияланатын жаңа жұмыс орындарына жұмыссыз тұрғындарды тіркеуге көмектесемін. «Мерекелік» пен «Ключи» кооперативтеріндегі шаруаларға тамшылатып суару жүйесін орнату мен су кестесін келісуге ықпал етемін.

Байланысты жақсарту: Құрманғазы, Л. Бетховен, И. Репин, М. Гамарник көшелеріндегі интернет пен ұялы байланыс сапасын реттеп, қарт тұрғындарға eGov электрондық қызметтерін пайдалануға жәрдемдесемін.

Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік! Сайлауға келіңіздер, дауыс беріңіздер!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *