
2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына № 4 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Жексембаев Самат Жангазыұлының сайлауалды бағдарламасы:
- ЖОЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК
Қала жолдарының сапасын жақсартуға, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін арттыруға және қоғамдық көлік қызметін жетілдіруге ықпал етемін. Жолдарды жөндеу жұмыстарының сапасына назар аударып, осы мәселені тұрақты көтеремін.
- СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Тұрғындарды сапалы ауызсумен үздіксіз қамтамасыз етуге, тозған инженерлік желілерді жаңартуға және электрмен жабдықтау тұрақтылығын арттыруға басымдық беремін. Инженерлік желілердің жайкүйін тиісті органдар алдында көтеремін.
- ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК
Шығармашылық индустрия мен шағын және орта бизнесті, оның ішінде мәдени-көпшілік ісшараларды ұйымдастыру, дыбыс-жарық және өнер саласындағы бастамаларды қолдауға ықпал етемін. Кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал етемін.
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ
Кәсіпкерлікті дамыту және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту есебінен жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етемін. Жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты күшейтуге және бос жұмыс орындары туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал етемін. Назарымды
- ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
Халық арасында салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды және дене белсенділігі мәдениетін қалыптастыруды қолдаймын. Тұрғындардың профилактикалық тексеруден өтуіне және сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін.
- БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАМУЫ
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қолжетімді шығармашылық үйірмелер мен музыкалық білім беру мүмкіндіктерінің кеңеюіне ықпал етемін. Дарынды балалар мен жас таланттарды қолдау бастамаларына қолдау көрсетемін.
- МӘДЕНИЕТ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ КІТАПХАНАЛАР
Мәдениет нысандары мен кітапханалар желісін дамытуға, олардың материалдық-техникалық базасын жаңартуға ықпал етемін. Мәдени іс-шаралардың барлық жас топтары үшін қолжетімді болуына ықпал етемін.
- ЦИФРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
Интернет пен ұялы байланыс сапасын жақсарту мәселесін көтеремін. Тұрғындардың электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалануына және цифрлық сауаттылығын арттыруға қолдау көрсетемін.
- ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІКТЕР ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ
Қоғамдық кеңістіктердің, скверлер мен аулалардың таза әрі абаттанған болуын қадағалаймын. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында аулаларды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын бақылауда ұстаймын.
- ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Мәдени іс-шаралар өтетін орындарда және тұрғын аулаларда жарықтандыруды күшейтуге, қажет жерлерде бейнебақылау жүйелерін дамытуға ықпал етемін. Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын қолдаймын. Негізгі мақсат – мәдениет пен өнерді дамыту арқылы тұрғындардың өмір сапасын арттыру.