Құрметті Ескелді ауданының тұрғындары, ардақты жерлестер!

Мен Халиялын Нұртілеу Монғолханұлы, Ескелді аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ауданымыздағы тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін ретке келтіруді және экологиялық мәдениетті көтеруді мақсат етіп отырмын.

Ауданның белсенді азаматы ретінде осындай маңызды мәселені депутат мінберінен көтеру өзекжарды қоғам мәселесі деп есептеймін.

Туған өңіріміздің экологиялық ахуалын жақсарту, заңсыз қоқыс орындарымен күресу және ауылдардың тазалығын сақтау ісін өзімнің басты міндетім деп білемін. Табиғаттың тазалығы мен қоршаған ортаның амандығы – келешек ұрпаққа қалдырар ең үлкен аманат.

Бұл маңызды міндеттерді нәтижелі жүзеге асыру үшін келесі бағыттарды ұсынамын:

  1. Стихиялық қоқыс орындарымен күрес және полигондарды заңдастыру
    Ауыл маңындағы рұқсат етілмеген бейберекет қоқыс орындарын түпкілікті жою, арнайы тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын заңдастырып, олардың тиісті санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуін қатаң депутаттық бақылауға алу.
  2. Қоқыс шығару жүйесін және контейнерлік алаңдарды ретке келтіру
    Ауылдық округтерде тұрмыстық қалдықтарды жүйелі түрде жинап, мерзімінде шығарып отыратын коммуналдық немесе мердігер кәсіпорындардың жұмысын жолға қою, қажетті орындарға заманауи контейнерлік алаңдар орнату.
  3. «Таза Қазақстан» акциясы және экологиялық мәдениет
    Экологиялық акциялар мен аудандық сенбіліктерге белсене қатысып, туған жерді таза ұстау мәдениетін қалыптастыру, тұрғындар арасында қоршаған ортаны қорғау бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу.
  4. Тұрақты бақылау және ашық есеп беру
    Ауданның экологиялық жағдайын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарға уақтылы ақпарат беріп, сайлаушылар алдында жыл сайын ашық есеп беру.

Ардақты ағайын! Тазалықты өзгеден емес, өзімізден бастайық. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық тәртіпті орнату жолындағы игі бастамаларды қолдау үшін сіздің әрбір дауысыңыз маңызды.

Сайлау учаскесіне келіңіздер! Табиғаты таза, тәртібі күшті өңір үшін дұрыс таңдау жасаңыздар!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *