Құрметті Ескелді ауданының тұрғындары, ардақты жерлестер!

Мен Қалқаман Еламан Мақсатұлы, мен мәслихат депутаттығына кандидат ретінде Ескелді ауданының елді мекендерін табиғи газбен қамту жұмыстарын жеделдетуді және құрылыстың сапалы жүруін басты назарда ұстаймын. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуді бақылауда ұстау үшін өз кандидатурамды ұсындым.

Үйіміздің жылы, тұрмысымыздың жайлы болуы және қоршаған ортаның тазалығы көбінесе көгілдір отынның қолжетімділігіне тікелей байланысты.

Ауданымызда бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып, нақты сандық көрсеткіштер мен жоспарлар жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, аудандағы тұрғындарды көгілдір отынмен қамту барысында 48 мыңға жуық адам тұратын елді мекендерді газға толық қол жеткізу, сондай-ақ Теректі, Ақтасты, Қайнарлы сияқты ауылдарда ұзындығы 48,4 шақырым болатын газ құбырларын тартып, мыңдаған тұрғындарды табиғи газға қосу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.

Осы маңызды міндеттерді нәтижелі аяқтау үшін мынадай 4 маңызды қадамнан тұратын іс-қимыл жоспарын ұсынамын:

Бірінші – Құрылыс барысын қатаң бақылау: Ауылдарға магистральдық және ішкі газ желілерін тарту жобаларының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын депутаттық бақылауға алып, мердігерлердің жұмысын жіті қадағалау.

Екінші – Үйге газ қосуды жеңілдету: Тұрғындардың өз үйлеріне газ тартып, қосу кезінде кездесетін қағазбастылық пен әкімшілік кедергілерді азайтуға, құжат рәсімдеуді жеңілдетуге жан-жақты ықпал ету.

Үшінші – Түсіндіру және қолдау жұмыстары: Көгілдір отынға көшудің экономикалық тиімділігін түсіндіру, халыққа ақпараттық көмек көрсету және әлеуметтік осал топтарға қажетті қолдау шараларын ұйымдастыру.

Төртінші – Экологияны жақсарту және есеп беру: Қатты отынды тұтынуды азайту арқылы ауданның экологиялық ахуалын жақсарту, ауаның тазалығын сақтау және атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында тұрақты есеп беру.

Құрметті жерлестер!

Жылы әрі жайлы тұрмыс үшін бірге еңбек етейік! Сіздердің қолдауларыңызбен туған өлкеміздің әрбір үйіне көгілдір отын келіп, тұрмысымыз жаңа сапалы деңгейге көтеріледі.

Сайлауға келіңіздер! Жылы шаңырақ мен жайлы тұрмыс үшін өз таңдауларыңызды жасаңыздар!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *