
Құрметті Ескелді ауданының тұрғындары,ардақты жерлестер!
Мен, Есбол Ораз Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде өз сайлауалды бағдарламамды сіздердің назарларыңызға ұсынамын. Туған өңіріміздің аграрлық әлеуетін жаңа деңгейге көтеру, диқандарға жан-жақты қолдау көрсету және егіс алқаптарының тиімділігін арттыру мақсатында мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ұсынылып отырмын. Мен үшін ауыл шаруашылығы – тек экономиканың бір саласы ғана емес, әрбір ауыл тұрғынының әл-ауқаты мен берекесінің негізі.
Құрғақ уәде емес,еңбек адамының мүддесін қорғайтын нақты істер мен жүйелі нәтиже – менің басты ұстанымым. Ескелді ауданының құнарлы жері мен еңбекқор халқының әлеуетін толық іске қосу үшін алдымызда тұрған мынадай нақты міндеттерді жүзеге асырамыз:
Сайлауалды бағдарламамның негізгі басымдықтары Субсидиялар мен мемлекеттік қолдаудың ашықтығы: Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірушілерге берілетін минералды тыңайтқыштар, сапалы элиталық тұқымдар, гербицидтер және арзандатылған жанар-жағармай субсидияларының ешбір кедергісіз, әділ әрі уақтылы бөлінуін қатаң депутаттық бақылауға алу.
Техникалық жабдықтау және жаңғырту: Шаруа қожалықтары мен орташаруашылықтарға заманауиауыл шаруашылығы техникаларын жеңілдетілген лизингтік бағдарламалар арқылы алу тетіктерінің қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.
Егіс алқаптарын әртараптандыру: Ауданның негізгі бағыттары – қант қызылшасы, дәнді және майлы дақылдар, сондай-ақ мал азығындық дақылдардың егіс көлемін ұлғайтып,өнімділікті арттыруға қолайлы жағдай жасау.
Суармалы жерлер мен су үнемдеу: Егіс алқаптарын ағын сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін арық-каналдарды тазарту,су үнемдеу технологияларын(тамшылатып және жаңбырлатып суғару) енгізетін диқандарға мемлекеттік қолдау көрсетуге атсалысу.
Өнімді өткізу және қайта өңдеу: Диқандар өндірген өнімді делдалсыз, тиімді бағамен өткізу жүйесін жолға қою, аудан аумағындағы өңдеу кәсіпорындарымен (соның ішінде қант зауыттарымен) әділ серіктестік орнатуға ықпал ету.
Тұрақты есеп беру және кері байланыс: Шаруалардың өзекті мәселелерін жинақтап, жауапты органдарға жеткізу және атқарылған жұмыстар мен аграрлық саланың дамуы жөнінде тұрғындар алдында жыл сайын ашық есеп беру.
Ардақты ағайын!
Еңбек адамының мерейі үстем болған жерде ғана береке болады. Сіздердің білдірген сенімдеріңізді ақтап, диқан қауымының мүддесін қорғауға жәнетуған ауданымыздың өркендеуіне бар күш-жігерімді жұмсаймын!
Еңбегіміз ақталып, жеріміз мол өнім берсін! Сайлауға келіңіздер, еңбек пен берекелі болашақ үшін өз таңдауларыңызды жасаңыздар!